Қазақстан таеквондо құрамасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Қазақстан таеквондо құрамасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Басқа

ҰОК

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізді.

9-26 наурыз аралығында өткен жиынға 50-ден астам таеквондошы қатысты.

Бұл жиын 2025 жылы Қытайдың Тайань қаласында өтетін WT President’s Cup – Asia халықаралық турниріне дайындықтың бір бөлігі болды. Жаттығу барысында спортшылар техникалық және тактикалық шеберліктерін жетілдіріп, физикалық дайындықтарын күшейтті.

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов шәкірттері алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр.