Қазақ дзюдошысы Еуропа кубогында топ жарды

Дзюдо
Шымкент әкімдігі
Латвия астанасында ересектер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошы Мейіржан Әбдімәліков турнирлік жолын сенімді түрде өтіп, Израиль мен Доминикан Республикасы спортшыларын жеңді. Финалда ол испандық Иринель Василе Челаруды айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді.
Әбдімәліков «Қазақ күресі» мен дзюдоны қатар меңгерген әмбебап балуан ретінде танымал. Ол өткен жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.
«Бұл – тек жеке жеңісім ғана емес, көп жылдық еңбектің, бапкерлерімнің қолдауы мен өзіме деген сенімнің нәтижесі», – деді Әбдімәліков жарыстан кейін.
Еуропа кубогында 22 елден 160-тан астам дзюдошы бақ сынады. Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетті.