40 жастағы Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты

Футбол
Әлеуметтік желі
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы тағы бір ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Euro-football.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Instant Foot аккаунты мәлімдеді. Ұлттар Лигасы ширек финалының қарымта матчында 40 жастағы форвард Дания құрамасының қақпасын дәл көздеп, ұлттық құрама сапында қатарынан 22 жыл бойы гол соққан алғашқы футболшы атанды. Айта кетейік, Криштиану Португалия құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Еске сала кетейік, Португалия құрамасы бұл матчта қосымша уақыт нәтижесінде 5:2 есебімен жеңіске жетіп, Ұлттар Лигасының жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде Португалия Германия құрамасымен кездеседі.