Харри Кейн АПЛ-ға оралуды көздеп отыр

Футбол
Getty Images
Мюнхеннің “Бавария” клубының шабуылшысы Харри Кейн Англия Премьер-лигасына оралғысы келетінін білдірді.
Футболшы мансабын өз отанында аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұған дейін Кейн көптеген жылдар бойы Лондонның “Тоттенхэм” клубында ойнап, клуб тарихындағы және бүкіл Премьер-лигадағы ең үздік сұрмергендердің бірі атанған болатын.
Егер Кейн АПЛ-ға оралса, оның негізгі үміткері ретінде “Ливерпуль” қарастырылып отыр. Мерсисайдтық клуб алдағы жаздағы ықтимал құрамдық өзгерістер аясында шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр.