Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис
ҰОК
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан “Челленджер” сериясындағы турнирдегі алғашқы матчын сәтті өткізді.
Турнирдің алғашқы айналымында Жұқаев Австрия өкілі Юрий Родионовты екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
1/8 финалда Бейбіт Жұқаев Мексика өкілі Мелигини Родригес пен канадалық Алексис Галарно жұбының жеңімпазымен кездеседі.