Стас Покатилов Лихтенштейнмен ойын алдында құрамадан кетті

Стас Покатилов Лихтенштейнмен ойын алдында құрамадан кетті
Футбол

KFF

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші турында Лихтенштейнге қарсы матч алдында ұлттық құрама қатарынан шығып қалды.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Покатилов жеке себептерге байланысты құрамадан кеткен. Ол Лихтенштейнге қарсы матчқа қатыспайды.  

Айта кетейік, наурыздағы ұлттық құраманың матчтарына Покатиловтан бөлек тағы үш қақпашы – Александр Заруцкий, Мұхамеджан Сейсен және Темірлан Анарбеков шақырылған. Лихтенштейнге қарсы ойын 26 наурызда Астана уақытымен 00:45-те басталады.