Елдана Тәліпова Әлем чемпионатының финалына шықты

Елдана Тәліпова Әлем чемпионатының финалына шықты
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Сербияда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалында Молдова өкілі, қазіргі Еуропа чемпионы Дарья Сазонованы жеңді, деп жазады BasSport.kz.

Осы жеңістің арқасында Тәліпова Әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Осылайша, Қазақстаннан Сербиядағы Әлем чемпионатының финалына шыққан боксшы қыздар саны бесеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг) және Аида Әбікеева (63 кг) финалға жолдама алған болатын.