Елена Рыбакина 17 жасар ресейлік теннисшіден жеңілді

Теннис
Әлеуметтік желі
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 7-ракеткасы) Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жекелей сында ойнады.
Төртінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы 17 жастағы ресейлік Мира Андреева болды. Кездесу Андрееваның сенімді жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:2.
Осылайша, ресейлік жас спортшы ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.