Айбек Оралбай әлем аңызын жеңді!

Айбек Оралбай әлем аңызын жеңді!
Бокс

KBF

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында нағыз сенсация жасады

Аса ауыр салмақта (90 кг-нан жоғары) сынға түскен Оралбай жартылай финалда Кубаның даңқты өкілі, төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының екі мәрте жеңімпазы Хулио Сесар Ла Круспен шықты. 33 жастағы спортшы осыған дейін халықаралық рингте ондаған мықтыны қапы қалдырып келген. Алайда Ливерпульдегі айқаста қазақстандық боксшыдан айласын асыра алмады. Тартысты өткен жекпе-жекте Айбек Оралбай үшінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан, ерік-жігер танытып, шешуші сәттерде қарсыласына соққы беріп үлгерді. Нәтижесінде төрешілер кездесуді қазақстандықтың пайдасына шешті. Осылайша, Айбек Оралбай финалға шықты. Енді ол өзбекстандық Жахонгир Зокировпен алтын үшін кездеседі. 

Айта кетейік, Оралбайдың бұған дейінгі ең ірі жетістігі – Азия чемпионатындағы екі «алтын» медаль еді. Енді ол әлемдік рингте басты жүлдеге бір қадам жақын тұр.