Назым Қызайбай өзбек қызымен жұдырықтасады

Бокс
KBF
2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz
48 келі салмақтағы Бобокулова ширек финалда италиялық Джованна Марчезені айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде қазылар шешімімен 5:0 есебімен үстем түсті, тіпті екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Қызайбай – Бобокулова жекпе-жегі сенбі күні, сағат 16:00-де өтеді.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және Азия чемпионы (2021). Ал Сабина Бобокулова – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт мәрте Азия чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.