Санжар Тәшкенбай жартылай финалда

Санжар Тәшкенбай жартылай финалда
Бокс

Olympic.kz

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда Үндістан өкілі Джадумани Сингх Манденгбаммен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек 4:0 есебімен Тәшкенбайдың пайдасына шешілді.

Нәтижесінде, Санжар турнирдің жартылай финалына өтті. Енді ол шешуші кезеңге жолдама үшін рингке шығады. Қарсыласы алдағы кездесу қорытындысынан соң белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының онға жуық өкілі қазірдің өзінде жартылай финалға жолдама алып, ел қоржынына табысты нәтиже қосып отыр. Санжар Тәшкенбай да осы тізімді толықтырды.