Юлия Путинцеваның Индиан-Уэлстегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Юлия Путинцеваның Индиан-Уэлстегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Теннис

wta

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 1000 санатындағы Индиан-Уэлс турниріндегі алғашқы қарсыласын білді, деп жазады BasSport.kz.

Әлемнің 20-ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастайды.Онда ол чехиялық Катержина Синяковамен (әлемнің 59-ракеткасы) кездеседі.

Синякова бірінші айналымда аргентиналық Мария Карлені сенімді түрде 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.