Қазақстан Grand Slam жарысында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан Grand Slam жарысында алғашқы медалін жеңіп алды
Дзюдо

ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жұбаназар қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы жүлдесі.