«Барыс» капитаны маусымының сәтсіз өту себебін түсіндірді

Хоккей
Барыс ХК
«Барыс» хоккей клубының капитаны Роман Старченко «Головой об лёд» бағдарламасына берген сұхбатында КХЛ-дың 2024/25 жылғы маусымындағы сәтсіз ойындардың себептерін атап өтті.
— Маусымды бір командамен бастап, мүлде басқа құраммен аяқтадық. Бұл жағдай маусым алдындағы дайындыққа да, алғашқы ойындарға да өз әсерін тигізді деп ойлаймын. Команданың жартысы «Барыспен» жаттықса, қалғаны ұлттық құрамамен дайындалды. Сондықтан маусымның басы жүйесіз өтті. Матчтар аз болды, содан кейін құрам түбегейлі өзгерді. Дегенмен, ұжым ретінде жақсы қалыптастық, жастар да сәтті қосылды. Команда ішінде бірлік болды. Бірақ кей сәттерде тәжірибе жетіспеді, жалпы бәрі сәл-сәлден жетпей жатты, — деді елордалық клубтың ардагер ойыншысы.
Еске салайық, «Барыс» КХЛ-дың тұрақты біріншілігін турнир кестесінің соңғы орнында аяқтап, клуб тарихындағы антирекордты орнатты.