Көкшетауда алғаш рет плоггинг ұйымдастырылды

Көкшетауда алғаш рет плоггинг ұйымдастырылды
Басқа

Көкшетауда салауатты өмір салты мен экологиялық жауапкершілікті біріктірген ерекше спорттық шара — плоггинг алғаш рет өтті.

Игі бастамаға «Alaman Run» клубы мұрындық болып, қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің қолдауымен жүзеге асты.

Шараның басты мақсаты — жүгіру мен табиғатты қорғауға бағытталған әрекеттерді біріктіру. Қатысушылар қаланың жасыл аймағында жүгіріп қана қоймай, жолай қоқыс жинап, қоршаған ортаны тазалауға өз үлестерін қосты.

— Бүгінгі плоггинг — экологияға деген жауапкершілік пен қаламызға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Мұндай шаралар тұрғындарды салауатты өмір салтына ғана емес, табиғатты аялауға да баулиды, — деді қала әкімі Әнуар Күмпекеев.

Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жалғасын табады. Алдағы уақытта қаланың өзге аймақтарында да осындай экологиялық жүгіру ұйымдастырылмақ.