Қазақстандық дзюдо жұлдызының Grand Slam турниріндегі жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Дзюдо
IJF
Әлемдегі ең мықты дзюдошылардың бірі саналатын Қазақстан өкілі Ғалия Тынбаева Ташкентте өткен «Үлкен дулыға» кезеңінде күтпеген жерден жеңіліске ұшырады.
48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальге басты үміткер саналған спортшы алғашқы жекпе-жегінде тәжік балуаны Ахлия Муминоваға «иппонмен» есе жіберді.
Айта кетерлігі, қарсыласы оған қарағанда үш жас кіші әрі екі «шидо» алып үлгерген еді.
Тағы бір маңызды жайт – Муминова бұған дейін 52 кг салмақта ғана күресіп келген. Бұл оның жаңа салмақтағы алғашқы сайысы болды.