Елена Рыбакина қазақстандық қыздарға үлгі болғысы келеді

Елена Рыбакина қазақстандық қыздарға үлгі болғысы келеді
Теннис

Қазақстандық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина өз мансабымен елдегі қыздарға қалай үлгі болғысы келетіні туралы айтты, деп жазады BasSport.kz.

“Жеңіске жету үшін көп және табанды жұмыс істеу керек, өзін-өзі арнау мен мықты психология маңызды. Егер өзімді үш сөзбен сипаттасам: сабырлы, жауынгер мінезді және шешімшіл. Мен жас буынды, әсіресе Қазақстандағы қыздарды шабыттандырғым келеді. Бұл – маңызды нәрсе”, – дейді Рыбакина WTA баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елена – Қазақстанның ең үздік теннисшісі. Ол 2022 жылы “Уимблдон” чемпионы атанып, сондай-ақ WTA турнирлерінде сегіз рет топ жарды. Қазіргі таңда Рыбакина – Қазақстан құрамасының көшбасшысы.