Назым Қызайбай әлем чемпионаты мен бапкері туралы пікір білдірді

Бокс
Әлеуметтік желі
Танымал қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Сәлем, Ресейден! Әлем чемпионатына аз уақыт қалды. Біз жаттығуларды бастап кеттік. Мұнда да дайындықты жалғастырып, жарысқа жарақатсыз және бабымызда баруға тырысамыз. Менің әлсіз тұстарымды айта алатын жалғыз адам – бапкерім…” – деп жазды Назым өзінің Instagram парақшасында бапкерімен түскен суретін бөлісіп.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – екі дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Қазақстан чемпионы.