Әмір Омарханов ITF турнирінің екінші айналымына өтті

Теннис
KTF
17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистың Монастир қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп жазады BasSport.kz.
Омарханов үш сетке созылған тартысты кездесуде алжирлік Хамзат Региганы 4:6, 7:6, 7:5 есебімен ұтты.
Келесі айналымда қазақстандық теннисші италиялық Лука Кастаньоламен кездеседі.