Қазақстандық спортшы кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында «қола» жеңіп алды

Қазақстандық спортшы кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында «қола» жеңіп алды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық шпагашы Кирилл Проходов Кувейтте өткен кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Спортшы іріктеу кезеңін сәтті өтіп, плей-офф кезеңін иорданиялық Абдалла Альнасерді жеңумен бастады. Кейін ол Қытай спортшысы Ся Боянды ұтты.

Cегіздікке өту жолында Кирилл өзінің командаласы Богдан Ликинмен кездесті және 15:9 есебімен басым түсті.

Ширек финалда ол тағы бір қытайлық спортшы Ши Джинзені жеңіп, жартылай финалда Гонконг өкілі Ман Юенге тартысты кездесуде 14:15 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Кирилл Проходов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.