WBC Бетербиев пен Бивол арасындағы үшінші жекпе-жектен бас тартып, жаңа қарсыласын белгіледі

WBC Бетербиев пен Бивол арасындағы үшінші жекпе-жектен бас тартып, жаңа қарсыласын белгіледі
Бокс

Getty Images

WBC президенті Маурисио Сулейман Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жек кейінге шегерілгенін “Матч Тв”-ға мәлімдеді. Ұйымның ережесіне сәйкес, Бивол енді міндетті қарсыласпен жұдырықтасуы керек.  

Эр-Риядта өткен жекпе-жекте Бивол төрешілер шешімімен Бетербиевтен басым түсіп, абсолютті чемпион атанды. Ол WBC белюеуін де иеленді, ал осы белбеуге міндетті үміткер – WBC-тің уақытша чемпионы америкалық Давид Бенавидес.

— Бұл Биволдың сенсациялық өнер көрсетуі болды. Жоғары деңгейдегі шеберлік пен жігердің тамаша көрінісі. Үшінші жекпе-жек пе? Бенавидес – WBC-тің міндетті үміткері, ол Бивол мен Бетербиев арасындағы екі жекпе-жекке рұқсат берді. Қазір біз өткен тамаша жекпе-жекті атап өтуіміз керек, — деді Сулейман.

28 жастағы Бенавидес кәсіпқой рингте 30 жеңіске жеткен. Ал 34 жастағы Биволдың еншісінде 24 жеңіс пен 1 жеңіліс бар.