Еркін Тапалов «Астанаға» қарсы матчқа шықпайды

Еркін Тапалов «Астанаға» қарсы матчқа шықпайды
Футбол

ФК “Қайрат“

«Қайрат» қорғаушысы Еркін Тапалов Қазақстан премьер-лигасының алғашқы турындағы «Астанаға» қарсы ойында алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Футболшы 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогында «Ақтөбеге» (2:0) қарсы өткен матчта қызыл қағаз алған болатын. Осыған байланысты ол чемпионаттың алғашқы кездесуіне қатыса алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Кубок пен Суперкубок матчтарындағы қызыл карточкалар чемпионат ойындарына әсер етпейтін. Алайда жаңа маусымнан бастап енгізілген регламентке сәйкес, енді барлық турнирлерде алынған аластатулар күшінде қалады.

Еске салайық, Еркін Тапалов Суперкубок финалында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған еді.