Фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі
Басқа

ҰОК

Бэйдайхэ (Қытай) қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлделі орындарға іліге алмады, деп хабарлайды BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Могулда Павел Колмаков оныншы орын алды. Фёдор Бугаков 40-шы, ал Антон Бондарев 42-ші болып жарысты аяқтады. Әйелдер арасында Анастасия Городко алтыншы орынға ие болды, ал Юлия Галышева сегізінші нәтиже көрсетті.

Параллель могулда Колмаков үздік ондыққа еніп, жетінші орынға тұрақтады. Бугаков 36-шы, ал Бондарев 44-ші болды. Городко 1/4 финалға дейін жетіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады. Галышева 13-шінәтижені көрсетті.