Михаил Шайдоров – төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы!

Михаил Шайдоров – төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы!
Басқа

ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында алтын медаль иеленді.  

Спортшы қысқа бағдарламадан кейін көшбасшылықты сақтап, еркін бағдарламада 190.37 ұпай жинап, маусымдағы ең үздік көрсеткішін көрсетті.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Михаил 285.10 ұпай жинап, чемпион атанды. Ал екінші орынға Оңтүстік Кореядан Ча Джун Хван (265.02 ұпай), үшінші орынға АҚШ өкілі Джимми Ма (245.01 ұпай) ие болды.

Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев 19-орынға тұрақтады (166.34 ұпай).

Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатын жеңіп алған екінші қазақстандық спортшы болып отыр. Бұған дейін 2015 жылы осы чемпионатта Денис Тен алтын медаль иеленген болатын, ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанған.