Елдос Сметовтің күтпеген жерден Италияда жүргені белгілі болды

Дзюдо
Әлеуметтік желі
Олимпиада чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Италияда жүр, деп хабарлайды Bassport.kz.
Итальяндық дзюдошы Фабио Базиле әлеуметтік желіде Елдос Сметовпен түскен суретін жариялады. Суретте қос спортшы күлімдеп тұр. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жазбаны байқап, пікірлерін «Kazakhstan» сөздерімен толтырды.
Тағы бір жарияланған фотода Елдос Сметов мейрамханада достары және жұбайымен бірге отырғаны көрінеді. Белгілеуге қарағанда, дзюдошы Италияның Сарнико қаласында демалып жүр.