Қазақстан құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде жеңіліске ұшырады

Баскетбол
FIBA
Қазақстан баскетбол құрамасы 2025 жылғы Азия Кубогына іріктеу матчында Катарға қарсы ойнап, жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Астанада өткен кездесуде Kатар құрамасы 92:71 есебімен басым түсті. Қазақстандықтар сапынан ең нәтижелі ойыншы Вадим Щербак болды – ол 13 ұпай жинады. Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен Е тобында үшінші орынға жайғасты.
Ұлттық құрама келесі кездесуін 24 ақпанда Астанада Иранға қарсы өткізеді. Азия Кубогы FIBA (Халықаралық баскетбол федерациясы) аясында өтетін турнир.
Биылғы финалдық кезең 5-17 тамыз аралығында Сауд Арабиясында ұйымдастырылады.