Азиада-2025: Төртінші күннен кейінгі медаль кестесі қандай?
![Азиада-2025: Төртінші күннен кейінгі медаль кестесі қандай? | BASSPORT Азиада-2025: Төртінші күннен кейінгі медаль кестесі қандай?](https://bassport.kz/storage/2025/02/10/4d1N2gfxGinISKEIwpOvndsb9fX7sMtQjyvHheEs.jpg)
Басқа
Нұрғали Жұмағазы/ҰОК
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарының төртінші күнгі жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті. Фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан күміс медаль еншілесе, Олжас Климин 10 шақырымдық шаңғы жарысында қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, Қысқы Азия ойындары 14 ақпанда аяқталады, ал ел намысын бұл жарыста 137 спортшы қорғап жатыр.