Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
![Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды | BASSPORT Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды](https://bassport.kz/storage/2025/02/08/tpk0wfHZfFmftB3WwrkO3OrHZflYcWYOioud7mhI.png)
Басқа
Сали Сабиров
Қазақстанның шорт-тректен аралас командасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Эстафета сайысында ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Ажғалиева қорғады.
Нәтижесінде, отандастарымыз мәреге екінші болып келіп, құрлықтық доданың жүлдегері атанды.
Бұл жарыста Оңтүстік Корея спортшылары алтын медаль иеленсе, Жапония үздік үштікті түйіндеді.