Қазақстан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Басқа
ҰОК
Бүгін, 7 ақпан, Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, оған Қазақстан құрамасы да қатысты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Салтанатты шарада Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп шыққан спортшылар – Әділ Бекетаев (хоккей) және Ольга Тихонова (шорт-трек).
Айта кетейік, 2025 жылғы Азиада Харбинде 7-14 ақпан аралығында өтеді. Биылғы ойындарға 34 елдің спортшылары қатысады. Жалпы, 11 қысқы спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығы сарапқа салынады.