Евгений Кошкин Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші күміс алып келді

Евгений Кошкин Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші күміс алып келді
Басқа

Сали Сабиров

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Кошкин 100 метрге конькимен жүгіру жарысында екінші орын иеленді. Ол керемет жылдамдық пен шеберлік танытып, мәре сызығын үздіктер қатарында кесті.

Бұл жүлде – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы екінші күміс медалі.