Жас қазақ Канадалық хоккей лигасында қарсыластарын тас-талқан етуде (ВИДЕО)
Әлеуметтік желі
Қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов Солтүстік Америкада алғашқы маусымын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
18 жастағы жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Асанәлі Сәркенов Канадалық хоккей лигасына (CHL) кіретін Батыс хоккей лигасында (WHL) өзінің керемет ойынымен көзге түсуде. Ол жақында өзінің “Спокан Чифс” клубының “Эверетт Сильвертипс” командасын 10:3 есебімен жеңуіне үлес қосты. Бұл ойында Сәркенов бір шайба соқты, деп жазады “Головой об Лёд” телеграм-арнасы.
Ол 2023 жылы Финляндияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасады. Топ-дивизионда ең үздік бомбардир атанып, 5 (4+1) ұпай жинады. Сонымен қатар, Канада құрамасының қақпасына хет-трик жасаған.
2022/23 маусымында “Снежные Барсы” (МХЛ) сапында 48 матч өткізіп, 8 (5+3) ұпай жинады.
“Жастар Лигасында” “Барыс” жастар командасы үшін 6 ойын өткізіп, 9 (5+4) ұпай еншіледі.