Қазақстандық жас хоккейші Канадaда дебют жасады
Хоккей
Shaiba.kz
Қазақстандық жас қорғаушы Глеб Решетько Канаданың Британдық Колумбия хоккей лигасында (BCHL) алғашқы матчына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Shaiba.kz порталына сілтеме жасап.
19 жастағы хоккейші «Лэнгли Ривермэн» сапында алғаш рет мұз айдынына шығып, команданың «Чилливак Чифс» клубын овертаймда 5:4 есебімен жеңуіне үлес қосты.
Решетько – Астана хоккей мектебінің түлегі және Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы. Бұл кездесуде ол нәтижелі әрекет жасамағанымен, Канададағы алғашқы қадамын сәтті бастады.