Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады

Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады
Хоккей

ҚХФ

Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарындағы алғашқы матчында Таиланд командасын 12:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Харбинде өтіп жатқан Азиада-2025 турниріндегі алғашқы кездесуде Олег Болякин жаттықтыратын ұлттық құрама басымдық танытып, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Бірінші кезеңде Вячеслав Колесников, Роман Старченко, Руслан Оспанов және Иван Степаненко есеп ашып, Қазақстан құрамасын 4:0 алға шығарды.

Екінші жиырма минуттықта Адиль Бекетаев пен Алихан Омирбеков тағы екі шайба соғып, басымдықты ұлғайтты.

Ал соңғы кезеңде Евгений Рымарев, Андрей Буяльский, Тамерлан Гайтамиров, Артем Лихотников пен Адиль Бекетаев (дубль) ерекшеленіп, қорытынды есепті 12:0-ге жеткізді.

Келесі матч 5 ақпан күні Қытайға қарсы өтеді.