Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан шығарып жіберді

Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан шығарып жіберді
Жекпе-жек

Спорт Экспресс

36 жастағы UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, еш жеңіліс көрмеген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов АҚШ-тағы әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Хабибтің ұшақтағы апаттық шығу есігінің жанындағы орында отыруына байланысты туындаған. Бортсерік хаттамаға сәйкес, төтенше жағдай туындаған жағдайда көмектесе алатынын сұраған. Алайда Хабиб сұрақты толық түсінбей, екі жақ арасында шағын келіспеушілік орын алды. Нәтижесінде бортсерік оны басқа орынға ауысуды сұраған, бірақ бұл ұсынысқа Нурмагомедов наразылық білдірген.

“Біз сізге апаттық шығу есігінің жанында отыруға рұқсат бере алмаймыз, әйтпесе сізге ұшақты тастап кетуге тура келеді,” – деген бортсерік сөзіне Хабиб: “Бұл әділетсіздік,” – деп жауап берді. Ол сондай-ақ рейске тіркелу кезінде барлық ережелерге бағынғанын атап өтті. “Маған ағылшын тілін білесіз бе деп сұрады, мен ‘иә’ деп жауап бердім. Енді сіздер неге бұлай істеп жатырсыздар?” – деп шағымданды Нурмагомедов.

Кейін Хабиб достарымен бірге ұшақтан шығуға мәжбүр болды.