Елена Рыбакина денсаулығына байланысты қиындықтарын айтты
Теннис
Meta-ratings
Әлемнің алтыншы ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы ұйқысыздықтан зардап шеккенін мойындады, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Мен үшін бұл жыл өте қиын болды. Мельбурннен оралғаннан кейін ұйқы мәселелері басталды, бұл ұзақ уақытқа созылды. Әрине, бұл оңай болмады. Ұйқысыздық пайда болғаннан кейін иммундық жүйем әлсіреп кетті. Соған қарамастан, өзімді күштеп, ойнауды жалғастырдым.
Мүмкін, маған ертерек үзіліс алған дұрыс болар еді. Мен турнирлерде тоқтаусыз ойнап келе жатқаныма бес-алты жыл болды. Маусымаралық демалыс бір-екі аптадан аспайды. Уимблдон кезінде де қиындықтар болды. Содан кейін небәрі төрт күн өткенде қайтадан сырқаттандым», — дейді Рыбакина Tennis World USA-ға берген сұхбатында.