Бекхан Шайзада Шымкентте қалатын болды

Бекхан Шайзада Шымкентте қалатын болды
Футбол

ФК “Ордабасы”

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада “Ордабасымен” келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Bassport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ-та жаңа бас бапкер Андрей Мартин шымкенттік клубта негізгі қақпашы ретінде молдовалық Дмитрий Челядникті таңдауды жоспарлап отырғаны хабарланған. Алайда, Шайзада бұл орын үшін шетелдік спортшымен бәсекелесуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Бекхан Шайзада “Ордабасының” негізгі командасында 2016 жылы дебют жасап, содан бері ҚПЛ-де 85 матчқа қатысты. 2023 жылы ол шымкенттік клубтың құрамында ел чемпионы атанса, 2022 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.