Қазақстандық теннисші Түркияда топ жарды
Теннис
ҚТФ
19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Антальяда (Түркия) өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жұптық сында түркиялық Илай Йорукпен бірге өнер көрсетті.
С.Кенжебаева/И.Йорук финалда германиялық Мина Ходжич/швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші кезеңде қазақстандық-түркиялық жұп сәтті ойнады – 6:4. Екіншісінде қарсыластары есе қайтарды – 5:7.
Алайда супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.