Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасымен» келісімшартын ұзартты
Футбол
ФК “Ордабасы”
«Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев шымкенттік командамен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
29 жастағы Тұңғышбаев – шымкент футболының түлегі. Ол «Ордабасы» сапында 2013 жылдан бері, үзілістермен қоса, өнер көрсетіп келеді.
Футболшының мансабында «Қыран», «Қайрат», «Ақсу» және «Екібастұз» клубтары да бар.
2016-2021 жылдар аралығында Еркебұлан Қазақстан құрамасына шақыртылып, 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.