Карим Бензема мансабын аяқтауы мүмкін деген қауесетке жауап берді
Футбол
Getty Images
Француз шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» клубында мансабын жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы журналист Фабрицио Романо растады.
— Бұл әңгімелер шындыққа жанаспайды. Бұл тек сандырақ қана. Мен өзімді жақсы сезінемін және әлі бірнеше жыл ойнауға қауқарлымын, — деді Бензема.
Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында 36 жастағы шабуылшының осы маусым аяқталған соң кәсіби мансабын тоқтатуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Карим Бензема «Аль-Иттихад» клубына 2023 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылды.
Қазіргі маусымда ол барлық турнирлерде 11 матч өткізіп, 10 гол және үш нәтижелі паспен көзге түсті. Футболшының клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Бенземаның нарықтық құны €8 млн-ды құрайды.