Рыбакина хорватиялық жаттықтырушыны командасына қайта қосты

Рыбакина хорватиялық жаттықтырушыны командасына қайта қосты
Теннис

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы бапкері Стефано Вуковпен қарым-қатынасын қайта жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

 Бұл туралы теннисші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

- Бәріңізге сәлем. Мен Стефаноның 2025 жылғы маусымда командама қосылатынын қуана жария етемін. Бәріңізге қолдауыңыз үшін рақмет. 2025 жыл тамаша жыл болсын! – деп жазды Рыбакина.

Қазақстандық теннисшінің хорватиялық С.Вуковпен 2019 жылдан бастап жұмыс істегені белгілі.

Алайда, Елена 2024 жылдың тамызында келісімшартты тоқтатқан болатын. Кейін қарашада Рыбакинаның жаңа бапкері, тағы бір хорватиялық Горан Иванишевич болатыны жария етілді