Путинцева әлемнің бірінші ракеткасына есе жіберді
Теннис
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінде 29-орында тұрған Юлия Путинцева, Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды BasSport.kz.
1/8 финалдық матчта оны Беларусьтен шыққан әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко тоқтатты.
Бірінші сетте Путинцева 5:3 есебімен алда болғанымен, тәжірибелі қарсыласы ойынды тай-брейкке жеткізіп, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте Соболенко 6:4 есебімен басым түсті.