Елдана Тәліпова финалда өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды
Бокс
ҚБФ
Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында әйелдер арасындағы +81 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Елдана Тәліпова жарысты бірден финалдан бастап, шешуші айқаста өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Елдана жеңіске жетті. Осылайша, Тәліпова Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына Азия чемпионатындағы бесінші алтын медальды салды.
Айта кетейік, жартылай финалда Олтиной Сотимбоева украиналық Мария Ловчинскаяны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.