Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

ҰОК
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
48 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық кездесуде Санжардың қарсыласы Тәжікстаннан келген Меҳрон Шафиев болды. Бұған дейін бір жекпе-жек өткізіп үлгерген Шафиевке қарсыласқан Санжар, алған жарақатына қарамастан, кездесуді жалғастырып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундтың соңында төреші Шафиевке нокдаун санады. Осылайша, Санжар жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай — 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы. Бұл чемпионатта ол Теміртас Жүсіповтің орнына қатысты. Теміртас Азия чемпионатына қатысудан бас тартып, IBA-ның «Чемпиондар түні» турнирінде өнер көрсетуді таңдаған еді.