“Астана” жеңісті жұлып алды

“Астана” жеңісті жұлып алды
Футбол

ФК «Астана»

Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 17-тур аясындағы матчында “Астана” командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz

Ойын Алматыдағы “Хан-Тенгри” стадионында өтті.

Ойынның алғашқы голын 25-минутта “Атырау” командасының 39 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушысы Игорь Стасевич соқты. 66-минутта “Астана” сапындағы хорватиялық қорғаушы Бранимир Калаица есепті теңестірді. 85-минутта албандық Назми Грипши 11 метрлік соққыны сәтті орындап, “Астананы” алға шығарды.  

Алайда, “Атырау” 90+7 минутта қазақстандық қорғаушы Олжас Керімжановтың көмегімен есепті тағы да теңестіре алды. Ойын тағдырын шешкен екінші пенальтиді 90+11 минутта Бранимир Калаица дәл орындап, “Астана” 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін Григорий Бабаянның шәкірттері 22 ойында 43 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. “Атырау” болса, 32 ұпаймен жетінші орында.