Әлем чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар белгілі болды

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар белгілі болды
Бокс

Бокс

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар белгілі болды. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  Турнир 23 қазан мен 3 қараша аралығында Будвада өтеді. Қыздар құрамасын аға бапкер Жангелді Ахметов дайындап жатыр.

Құрам:

48 кг. Әнел Әбдірасылова

50 кг. Елянур Тұрғанова

52 кг. Бағжан Отынбай

54 кг. Аяжан Сыдық

57 кг. Аяжан Ермек

60 кг. Толғанай Қасымхан

63 кг. Аружан Жаңабаева

66 кг. Ұлдана Таубай

70 кг. Мария Сидоренко

75 кг. Шұғыла Нәлібай

81 кг. Аружан Зейноллаева

+81 кг. Панар Сейітханқызы