Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Азияда үздік деп танылды
Olympic.uz
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Азиядағы ең үздік жаттықтырушы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері, өз елінде үздік бапкер атанған Тулкин Киличев «Азияның үздік бапкері» атағын жеңіп алды. Өзбек маманының шәкірттері Париж олимпиадасында бес бірдей алтын медаль жеңіп алып, тарихи рекрорд орнатты. Бұдан бөлек желтоқсан айында Таиландта өткен Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды.
Сонымен қатар Өзбекстан әйелдер құрамасының өкілі Феруза Казакова 22 жасқа дейінгілер арасында үздік боксшы атанған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы сары құрлық біріншілігінің жеңімпазы Мафтуна Янгиева өз жас деңгейінде үздік шықты.