Еркебұлан Сейдахмет жаңа клубты таңдады

Еркебұлан Сейдахмет жаңа клубты таңдады
Футбол

ФК «Қайрат»

Еркебұлан Сейдахмет семейлік «Елімай» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Aladop.kz-ке сілтеме жасап.  

Еркебұлан Сейдахметтің „Қайраттан“ кететіні 2024 жылдың желтоқсан айының басында белгілі болған еді. Сол кезде-ақ „Елімайдың“ футболшыға қызығушылық танытқаны туралы ақпарат шыққан. Енді жаңа жылдан кейін келіссөздер жалғасқаны белгілі болды.

24 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда „Қайраттың“ сапында ел чемпионы атанған болатын. Жеңісті маусымда Сейдахмет команда үшін он сегіз ойында алаңға шығып, бір гол соқты.

Жалпы, Сейдахмет „Қайрат“ сапында 107 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Алматылық клубтан бөлек, футболшы бұрын талдықорғандық „Жетісу“ мен ресейлік „Уфа“ командаларының намысын қорғаған.