17 жастағы футболшы Роналду рекордын жаңартып, топ-клубтардың назарына ілікті
Reuters
Португалиялық «Спортинг» клубының жас вингері Джовани Куенда еуропалық топ-клубтардың басты трансферлік мақсаттарының біріне айналды, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
Инсайдер Руди Галеттидің мәліметінше, 17 жастағы футболшыға «Пари Сен-Жермен», «Ливерпуль», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда. Еуропаның жетекші клубтары Куенданы қысқы трансферлік терезеде қатарларына қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Куенда биылғы маусымда ерекше ойын өрнегін көрсетуде. Ол жақында ғана Лиссабон дербиінде («Спортинг» — «Бенфика», 1:0) «Спортинг» сапында ең жас ойыншы ретінде Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты.
Ағымдағы маусымда Куенда барлық турнирлерде 27 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген.