Дуглас Жуниор «Қайраттан» кетті

Дуглас Жуниор «Қайраттан» кетті
Футзал

Қайрат АФК

«Қайрат» футзал клубының капитаны Дуглас Жуниор инстаграмдағы парақшасында алматылық командадан кеткенін жазды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«10 жыл бұрын «Қайратпен» келісімшарт жасасып, Қазақстанға арман іздеп келдім. Бұл клубта мен армандағанның бәріне қол жеткіздім... Жеңілдім, жеңдім, ең бастысы кәсіби ойыншы және тұлға ретінде өстім. Бірақ бәрінің де өз уақыты бар. Менің алматылық клубтағы кезеңім аяғына жетті. Мұнда көптеген дос таптым. Әр сәтімді ұмытылмастай еткен жанның бәріне алғыс айтамын. «Қайратқа» рақмет. Қашан кездесетінімізді бір Құдай біледі. Бүгін осы жазба арқылы клубтан кететінімді хабарлаймын», - деп жазды Дуглас.