Қазақ боксына үлкен реформа қажет - Бокс федерациясының президенті
Бокс
Zona KZ
Қазақстан боксына реформа жүргізіледі. Бұл жөнінде федерациясы президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі», - деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстан кейінгі екі Олимпиада ойындарында алтын медаль ала алмай жүр. Парижде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс, әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай қола жүлдені қанағат тұтты.